Бүгін, 2024 жылғы 2 шілдеде Астанаға мемлекеттік сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Елордада маңызды қонақты балалар хоры мен тікұшағы бар кортеж қарсы алды.
Салтанатты рәсімде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырған.
"PRESIDENT" жобасының жүргізушісі және авторы, журналист Әділ Балтабаев ресми кездесуден шағын бейнені жария етті.
Журналист күтіп алу кезінде балалар қытай тілінде ән айтып, өздерін таныстырғанын атап өтті. Сонымен қатар қатысушылардың бірі – 10 жастағы Әмірхан Си Цзиньпинді "ата" деп атады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бала ҚХР басшысын қытай тілін білуімен таң қалдырды. Соның арқасында, ол біздің президент оқыған Пекин тіл және мәдениет университетіне оқуға шақырту алды", – деді іс-шарада болған оқиға туралы Балтабаев.
Қытайдың көшбасшысы Қазақстанда үш күн: 2-4 шілде аралығында болады.
Сапар бағдарламасы жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізуді және бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды көздейді.