Тікелей эфир

Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды

Жаңажылдық ағашпен және гирляндалармен безендірілген шетелдік маркалы көліктерді Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары байқады.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан. Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

"Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған.


Оқи отырыңыз: Шыршаны заңсыз кескендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін – ІІМ


 

Серіктестер жаңалықтары