Тікелей эфир

Шыршаны заңсыз кескендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін – ІІМ

ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды.

15 желтоқсаннан бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Шырша” акциясын бастады. Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Акцияға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады. Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

"Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деп жазылған хабарламада.

Шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз – “102” телефоны арқылы хабарлаңыз.


Оқи отырыңыз: Қазақстан қалаларында мерекелік безендіруге қанша қаражат жұмсалды


 

Серіктестер жаңалықтары