Жазушы Жарас Ермекбайдың "Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы" атты кітабы жарық көрді.
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында орналасқан Шоқан Уәлихановтың мемориалдық мұражайында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған қазақстандық тарихшы Жарас Ермекбайдың "Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы" атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шоқан ауылы атақты саяхатшының жерленген жері дәл осы жерде орналасқандығымен белгілі.

Туындыда бұған дейін көпшілікке белгісіз болған деректер берілген. Жарас Ермекбай кітап жазу барысында ҚР ҰҒА ұлттық академиясының орталық ғылыми кітапханасында, РФ СІМ Ресей империясының сыртқы саясат мұрағатында, Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында және т.б. көптеген зерттеу жүргізген.
Оқи отырыңыз: "Қазақ тарихына ғашық болдым". Канадалық ғалым Qazaqlïq еңбегінде не жазды?
Шоқан Уәлихановтың Петербургтің бірнеше үкіметтік мекемеде, бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде жұмыс істегені, сондай-ақ, сол департамент жанындағы жоғары мектепте түркі тілдерінен сабақ бергені белгілі. Сондықтан өмірі жайлы жазылған жазба-деректердің басым бөлігі Ресейде сақталған.
Профессор Жарас Ермекбайдың айтуынша, ғалымның отбасы жайлы тың деректер, оның тәлімгерлері, сондай-ақ, Орталық Қазақстан мен Қырғызстандағы экспедициялары, Санкт-Петербургте болған кезеңі, Ресей патшалығының жоғары топтарымен танысуы туралы қосымша мәліметтер де табылған.
Жарас Ақышұлы қазақ ағартушысы жайлы мәлімет жинауына 30 жылға жуық уақытын арнаған. Дегенмен ғалым бұл бағыттағы жұмыс әлі аяқталмағанын айтады.

"Шоқан Уәлихановтың мұрасы жайлы зерттеу жұмысы әлі аяқталған жоқ. Мен үнемі ізденісте жүремін, себебі әлі де болсын табылмаған, зерттелмеген материалдар бар екенін білемін, бірақ олар бізге қолжетімсіз. Алда әлі жұмыс көп. Ғалымның өмірі жайлы тың әрі қызық мәліметтер аламын деп үміттенемін. Ең бастысы – менің зерттеуімнің бір бөлігі QazaqGeography қолдауының арқасында жарыққа шықты", – деді "Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы" кітабының авторы Жарас Ермекбай.
Оқи отырыңыз: Қазақ елін әлем балаларына кім танытып жүр? Америкалық иллюстратормен сұхбат
Туынды авторы тапқан жаңа деректер академик Әлкей Марғұлан жүргізген орасан зор еңбекті толықтыратынын атап көрсетеді.
"Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы" кітабын QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Рухани жаңғыру" КЕАҚ қолдауымен басып шығарды.

"Шоқан Уәлихановтың есімі қазақстандықтар үшін, оның ішінде біздің бірлестік үшін ерекше, киелі деп айтуға болады. Біздің өміріміз, ол сияқты, туған жерді зерттеумен, этнографиямен, тарихпен және географиямен тығыз байланысты. Сондықтан да біз бұл жобаны қуана қолдап, кітаптың жарық көруіне көмектестік", – деді QazaqGeography РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінен кейін ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері мен журналистер ғалымның басына барып Құран оқытты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
387
-
0
-
0
-
-
2🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
359
-
0
-
0
-
-
3🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
359
-
0
-
1
-
-
4💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
340
-
0
-
0
-
-
5👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
329
-
0
-
0
-
-
6🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
305
-
0
-
0
-
-
7☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
318
-
0
-
0
-
-
8👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
288
-
0
-
0
-
-
9🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
279
-
1
-
2
-
-
10🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
283
-
0
-
0
-