Тікелей эфир

Шілдеде Қазақстанның төрт өңірінде ерекше қуаңшылық болады

Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр.

"Шілде айында Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген пункттерінде экстремалды қуаңшылық жағдайлар күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК сайтында.

Қатты қуаңшылық келесі өңірлерде болады:

  • Ақмола облысы: Есіл, Жақсы, Атбасар;
  • Ақтөбе облысы: Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз;
  • Қостанай облысы: Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: Тайынша;
  • Маңғыстау облысы: Сам.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі


Орташа қуаңшылық:

  • Ақмола облысы: Балкашино;
  • Ақтөбе облысы: Комсомольское, Темір;
  • Қостанай облысы: Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: Явленка, Сергеевка және Рузаевка;
  • Шығыс Қазақстан облысы: Лениногорск;
  • Жамбыл облысы: Қордай;
  • Алматы облысы: 4-ші ауыл;
  • Қызылорда облысы: Қазалы;
  • Атырау облысы: Атырау.

"Маусым айының соңғы онкүндігінде өткен мол жауын-шашынның арқасында, орташа ылғалды жағдайлар Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) болжанады. Қалған аумақтарда ылғалдану шарттары қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде" делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары