Прямой эфир Новости спорта

Қазақстанда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Бұған Ираннан жылы және құрғақ ауа массаларының келуі себеп.

Қазгидромет 29 маусым – 1 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның көптеген өңірінде ауа температурасы жоғарылайды. Бұл Ираннан жылы және құрғақ ауа массаларының келуімен байланысты.

"Шілденің алғашқы күндері республиканың батысында ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Осының әсерінен ауа температурасы төмендейді: түнде – 17-22 градус, ал күндіз 27-35 градус болады", – делінген Қазгидромет хабарламасында. 

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы түнде – 15-22, күндіз 30-38 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы – 20-25, ал күндіз 35-42 градус жылы болады.

 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары