Іріктеу 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады.
Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталды. Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту үшін қазақстандық ғалымдарға 500 грант бөлінді.
Ал ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізіміне 134 мамандық енген. Олар инженерлік, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медицина, өнер, білім, агроөнеркәсіптік кешен, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларындағы зерттеулер секілді бағыттар бойынша үлестірілген.
Оқи отырыңыз: "Болашақ" стипендиясына 2023 жылы қай уақытта құжат тапсыруға болады?
"Биыл ғалымдарды іріктеу критерийлері жетілдірілді. Алғаш рет тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО мен ғылыми орталықтар тізімі жасалды. Зерттеулердің өзекті бағыттары бойынша мамандықтар тізімі бекітілді. Сарапшылар комиссиясының құрамына қойылатын талаптар күшейтілді. Енді оған инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары ғана кіреді", – деді Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.
Мемлекет тағылымдамадан өту шығынын, екі жаққа ұшу ақысын, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны төлейді. Стипендия мөлшері белгілі бір елдегі қала мен өмір сүру деңгейіне қарай әртүрлі болады.
Үмкіткерлерге қойылатын талаптар:
- ұсынылатын шетелдік ұйымнан шарты көрсетілмеген шақыртуы, ғылыми нәтижелері, отандық және халықаралық ғылыми басылымдар мен дерекқорларда индекстелетін мақалалары;
- таңдаған мамандану саласында кемінде 12 ай жалпы жұмыс өтілі;
- мемлекеттік тілден кемінде В1 деңгейде, шет тілден кемінде 9,0-дан 5,0 деңгейдегі IELTS емтиханын тапсырғаны туралы сертификаты болуы керек.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын университеттер, ғылыми орталықтар, жетекші шетелдік ұйымдар тізіміне QS World University Rankings, Academic Rankings of World Universities, Times Higher Education World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің және Саймаго (SCImago Institutions Rankings) ғылыми институттар рейтингінің топ-250 тізіміндегі әлемнің 34 елінен 400-ден астам ЖОО, ғылыми-зерттеу орталығы мен ұйым кірді.
Оқи отырыңыз: "Болашақ" стипендиясына үміткерлер енді қазақ тілінен онлайн тест тапсыра алады
Айта кетейік, грант тағайындау конкурсы 3 турдан тұрады: кешенді тестілеу, сарапшылардан құралған комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау. Республикалық комиссия грантты мамыр айына дейін тағайындайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
377
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
363
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
351
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
343
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
327
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
322
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
307
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
319
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
299
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
264
-
0
-
1
-