Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Өтінішті еGov және eGov Mobile арқылы беруге болады

Автокөліктерді 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға болады.

EGov порталы мен eGov Mobile қосымшасында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруға арналған сервис іске қосылды. Азаматтар бұл сервисті 1 шілдеге дейін пайдалана алады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктерді eGov порталының "Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру" атты жаңа сервисінде электронды өтініш беру арқылы заңдастыра алады. Өтініш бойынша B (жеңіл автомобильдер) және D1 (микроавтобустар) санатындағы көлік құралдарының мынадай талаптарға сәйкестігі тексеріледі:

  • елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінгені;
  • қылмыстық белгілердің болмауы;
  • кедендік тазартудың болуы.

Жаңа сервисті eGov порталының басты бетіндегі "Сервистер" бөлімінен және "Көлік және коммуникациялар" – "Автомобиль көлігі" бөлімінен табуға болады. Сервис eGov Mobile қосымшасының "Жүргізу және көлік" бөлімінде қолжетімді.

"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру рәсімі екі кезеңде жүреді. Автокөлік иелері алдымен eGov.kz порталында өтініш беруі қажет. Содан кейін автокөлікті тексеру, көлік құралын тексеруден өткізу, тіркеу алымын төлеу және мемлекеттік нөмірді алу үшін Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек", – деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

EGov порталында электронды өтініш беру үшін көлік иесі мына талаптарды орындауы керек:

  • тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелу;
  • ҚР азаматтығының болуы;
  • мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелуі;
  • автокөліктің және көлік құралының бұрынғы иесі туралы барлық қажетті мәліметтерді толтыру;
  • тексеруге сұрау жіберу;
  • көлік құралын тексеруден өткізу үшін Арнайы ХҚКО-ға электрондық кезекті брондау.

Оқи отырыңыз: Шетелдік көліктерді заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?


EGov порталында жеке кабинетке 15 минут ішінде қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама келеді. Хабарламаны алғаннан кейін автомобиль иес автокөлікті тексеру, көлік құралын тіркеуден өткізу, 200 мың теңге мөлшерінде тіркеу алымын төлеу, мемлекеттік нөмір мен көлік құралының куәлігін алу үшін Арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пунктілеріне көлік құралын апаруы қажет.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары