Қазақстанда гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлі тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл процесті үш күннен екі күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысына енгізілуі жоспарланып отырған өзгертулер жобасынан белгілі болды.
Бұған дейін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі өтініш түскен жағдайда оны арнайы комиссия қарап, өз ұсынысын Үкіметке жолдайтын. Енді бұл тізбектен комиссия қызметі алынып тасталады. Сәйкесінше, Үкімет шешімді тікелей қабылдап, гуманитарлық көмекті қабыл етеді немесе одан бас тартады.
Бұл өз кезегінде гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу процесіне кететін уақытты үш күннен екі күнге дейін қысқартады.
Еске салайық, Қырғызстан Қазақстанға екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді. Оның бірі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге таратылса, екінші гуманитарлық көмек қазір Жамбыл облысына жеткен.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда бүгін "Қазақстанға 112 сағат қолдау" марафоны басталады