Тікелей эфир

Шетелден әкелген көлігін 1 шілдеге дейін заңдастырмағандар енді не істейді?

2023 жылғы 23 қаңтардан бастап елімізде 196 мың көлік заңдастырылған және 12 мыңнан астам конструктор-автокөлік есепке алынған. 

2023 жылғы 1 шілдеде шетелден әкелген көлігін заңдастыруға өтінім қабылдау тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингіде көлігін заңдастырып үлгермегендер енді не істейтінін айтты. 

Оның айтуынша, елімізде 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыруға өтінім қабылданды. 1 шілдеде заңдастыруға өтінім қабылдай тоқтап, сол уақыт арасында 196 мың көлік заңдастырылған және 12 мыңнан астам конструктор-автокөлік есепке алынған. 

"ЕАЭО елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келсек, олардың иесі көлікті кері апарады. Ал басқа елдегі бұрынғы тіркеу орнынан есептен шығарылса, Қазақстанда кейіннен бастапқы тіркеу туралы міндеттеме және Қазақстанда уақытша бес жылға есепке қою құқығы беріледі", – деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Министрлік өкілінің айтуынша, уақытша есепке қою кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлік және ҚР мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.

"Қазақстан азаматтары көлігін елден тыс жерге әкетемін деп шешсе, олар ҚР тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек. Сонда оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылады. Ал автокөлік бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарылса және Қазақстан азаматтары оларды Қазақстанда бастапқы тіркеймін деп ұйғарса, утиль алымынсыз, бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейді", – деді ол.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары