Тікелей эфир

Шетел қазақтары Түркияда тегін оқиды. Грантты қалай иеленуге болады?

Түркі мемлекеттер ұйымы мен "Отандастар" қоры арнайы 5 грант ұсынып отыр.

Шетелде тұратын қазақ жастары "Түркия стипендиялары – 2024" бағдарламасы бойынша Түркияда тегін білім ала алады. Бұл үшін Түркі мемлекеттер ұйымы мен "Отандастар" қоры арнайы 5 грантты қаржыландырады. 

Грант студенттің оқу ақысын, ай сайынғы шәкіртақысын, сақтандыру және жол, тіпті тұрғын үй жалдау шығындарын да қамтиды. 

Бағдарлама шарты бойынша бакалавриат грантына 21, магистратура грантына 30 және PhD грантына 35 жастан аспаған шетелдегі этникалық қазақтар үміт арта алады. 

Іріктеу кезінде талапкердің академиялық үлгеріміне, шет тілін білу деңгейіне және жұмыс тәжірибесі мен жеке жетістіктеріне мән беріледі. 

Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар "Отандастар" қорына 15 ақпанға дейін құжаттарын өткізуі тиіс. 


Оқи отырыңыз: Шетел университеттеріне қалай тегін оқуға түсуге болады? Өзекті 6 сұраққа жауап


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары