Қазақстанда балалардың ойын алаңдарының 34 өндірушісі бар.
Енді ойын алаңдарының тиісті сертификат, декларация және техникалық паспорты болуы керек. Мұнымен қатар, алаңдарды пайдалану ережелері туралы ақпарат тақтасы тұрады. Әр ойын кешені балалардың жас ерекшелігіне сай салынады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
2019 жылы күшіне енген техникалық регламент 2021 жылдың соңына дейін өтпелі әрі қосымша ережелермен толықтырылған. Бұл аралық кезең Қазақстандағы барлық баланың ойын аймақтарын жабдықтауда қатаң талаптарды енгізуге, оның ішінде сынақ зертханаларын, сәйкестікті растайтын орталықтарды дайындау үшін қажет болды, дейді мамандар. Техникалық регламенттегі ерекшелік – бұдан былай ойын алаңдарында ақпараттық тақта болады.
"Ақпараттық тақтада жабдықты пайдалану қағидалары, тізбесі, онда ойнайтын балалардың жас тобы тұрады", – деді "ҚазСтандарт" РМК техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығының сарапшысы Берік Ербосынов.
Оқи отырыңыз: Жаз басталды. Балалар қайда демалады?
Сарапшының сөзінше, қазіргі уақытта балалар ойын алаңдарының арнайы сертификаттары мен декларациялары, техникалық паспорты болуы керек. Құрылымның берік әрі төзімді болуы шарт.
ҚазСтандарт өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалардың ойын алаңдарының 34 өндірушісі бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
331
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
308
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
280
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
268
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
249
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
258
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
206
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
199
-
1
-
2
-