Үкімет басшысы Олжас Бектенов сенат депутаттарының Қазақстанға жазғы мезгілде шетелден әкелінетін жеміс-жидекке маусымдық кеденді баж салығын енгізу туралы ұсынысына жауап берді. Премьер-министрдің сөзінше, бұл халықаралық шарттардың талаптарына қайшы.
"Маусымдық кедендік баждарды енгізуге келетін болсақ, бау-бақша өнімдеріне (алма, қара өрік, жүзім, жидектерді қоса алғанда) қатысты қолданыстағы мөлшерлемелер Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес келетінін атап өткен жөн. Олардың өсуі халықаралық шарттық міндеттемелерге қайшы келеді", – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.
Премьер-министр оның орнына Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдауға көбірек көңіл бөлініп жатқанын алға тартты. Мысалы, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің техника мен жабдықтарды сатып алу шығындары 50 пайызға дейін субсидияланады. Одан бөлек, салықтық жеңілдіктер беріледі, "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 8 мың АЕК-ке дейінгі сомаға кредит беру көзделген.
Еске салайық, сенаторлар ұсынған мәліметтерге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша: жемістер мен жидектердің жылдық тұтыну нормасы: жылына бір адамға 120 кг дейінболса, Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, елімізде жылына бір адамға 80 келі. Бұл көрсеткіштер ұсынылған нормалардан төмен екенін көрсетеді.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63

