Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қазіргі мемлекеттік аппаратқа көлеңке түсірмеуі керек, деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
"Оның министр болғанына ұзақ уақыт өтіп кетті. Менің ойымша, Бишімбаевқа қарап бүгінде мемлекеттік жұмыс істейтіндерге жалпылама баға берудің қажеті жоқ. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Бишімбаев өз әрекеті үшін еліміздің заңнамасына сәйкес жеке өзі жауап берсін. Айтайын дегенім, осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адамға қарап бүгінде осы жүйеде жұмыс істеп жатқан адамдар туралы қорытынды шығару дұрыс емес", – деді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысында.
Оның айтуынша, жүйеде айтарлықтай озық және лайықты адамдар жұмыс істейді. Әшімбаев қазақстандық мемлекеттік қызметтің тірегі азаматтар арқа сүйейтін лайықты мамандардан тұрады деп санайды.
Оқи отырыңыз: "Жаным ауырып, қайғырып тұрмын": Сотталушы Байжанов Нүкенованы өлтіру ісі бойынша куәлік берді
Спикер Бишімбаевтың ісі бүгінгі басшыларға көлеңке түсірмейтінін айтты. Бірақ бұл кадрлармен жұмыс істеулі тоқтату керек дегенді білдірмейді, жас әріптестер арасында тәрбие жұмысын жүргізу қажет.