Тікелей эфир

Семейдегі мектепте болған өртке байланысты 400-ге жуық оқушы эвакуацияланды

Оқиға бүгін таңертеңгі уақытта №40 мектепте болған.

Семейдегі мектептердің біріндегі электр қалқанындағы өрт салдарынан 400-ге жуық оқушы эвакуацияланды. Бұл туралы Arnapress.kz жазды.

"Өрт сөндірушілердің жедел араласуының және мектеп қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт оқшауланды. Мектеп қызметкерлері шапшаң әрекет етіп, 371 оқушы мен 45 қызметкерді эвакуациялады. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дереу өртті оқшаулап, таралуына жол бермеді", – деп хабарлады Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болғанын айттыы. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.


Оқи отырыңыз: Үй өртенді: Қостанай тұрғыны қала әкімінен 14 миллионға жуық теңге өндіріп алды.


 

Серіктестер жаңалықтары