Тікелей эфир

Үй өртенді: Қостанай тұрғыны қала әкімінен 14 миллионға жуық теңге өндіріп алды

Сот Қостанайда төтенше жағдай салдарынан үйі өртеніп кеткен қала тұрғынының қала әкіміне қатысты арызын қанағаттандырды.

Төтенше жағдай салдарынан Қостанай тұрғынының үйі өртеніп кеткен. Үй тұрған жер тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған. Бұл туралы Қостанай қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Өрттен кейін үйдің иесі Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Қостанай қаласының әкіміне "Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне" төтенше жағдай салдарынан кейін тұрғын үйді қалпына келтіру үшін құрылысқа сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру міндеті туралы талабымен жүгінді.

"Қостанай қалалық сотының шешімімен Қостанай қаласының әкімінен талап қоюшының пайдасына тұрғын үйді қалпына келтіру үшін 13 877 561 теңге өндірілді. Өртенген үйдің иесі жауапкерлерге моншасы бар тұрғын үй салу үшін 2 сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық жағдай пакетін беру туралы өтінішпен жүгінген. Жауапкерлер бұл құрылыстың бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен салу сызбасына сәйкес келмейтіндігін айтып, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бас тартты", – деп жазылған сот сайтының баспасөз хабарламасында.

Сотта жауапкерлер ҚР Азаматтық кодексінің 188-бабының 1-тармағына сәйкес меншік құқығы субъектінің өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету үшін заңнама актілерімен танылатын және қорғалатын құқығы бар екенін ескермегенін айтылды. Осыған байланысты талап толық көлемде қанағаттандырылды.


Оқи отырыңыз: "Жоғары соттың шешімі бар". Алматыда кәсіпкер 16 сотық жерді заңсыз иеленіп алған.


 

Серіктестер жаңалықтары