Тікелей эфир

Семей қаласының тұрғыны сақ дәуірінен қалған алтын бұйымдарды тапты

Полицейлер күдіктіден жануарлар үлгісіндегі төрт алтын бұйымды тәркіледі.

Семей қаласының тұрғыны тарихи маңызы бар зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген  күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

"Тінту барысында аң стиліндегі Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.


Оқи отырыңыз: "Алтын адам" табылған Есік қаласы: Туристер не тамашалай алады?


 

Серіктестер жаңалықтары