Семейде қатарласын ұрған жасөспірімдердің ата-анасына қатысты сот үкімі шықты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Семей қаласында оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жазалар тағайындады.

Сот қаулысымен бір ата-ана 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қалған жасөспірімдердің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды. 

Бұған дейін Абай облысының полициясы қылмыстық іс қозғаған болатын. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Семейде арнайы комиссия осы оқиғаға байланысты шешім шығарды. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына 24 млн теңге жинап берген еді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз