USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Семейде соққыға жығылған Әлинұрға қазақстандықтар пәтер алып берді

Видео скрині
Видео скрині
11 жасар бала жаңа төрт бөлмелі пәтерге ие болды.

Семейде бір топ жасөспірім аяусыз соққыға жыққан оқушыға қазақстандықтар 32 миллион теңге жинап, пәтер алып берді. 

Семейлік блогерлер Аида Жүнісова мен Динара Садырбаева үш күнде Алинұрға 32 миллион теңге жиналғанын айтты. Олар төрт бөлмелі пәтерді тауып, кілтін Алинұрға ұсынғанын көрсетті.

"Соққыға жығылған жасөспірім қазір оңалып келе жатыр. Ашылып сөйлеп, қоғамға бейімделіп жатыр", – дейді Аида Жүнісова.

"Кілтті алдық, енді Әлинұрдың өзінің шаңырағы бар. Пәтерге орналасып, бақытты өмір кешеді", – деп жазды ерікті Динара Садырбаева.

Еске салайық, Семейде жасөспірімдер 6-сынып оқушысын тепкілеп соққыға жыққан болатын. Оқиғадан кейін мектеп директоры жұмыстан қуылды. Ал ұрған балалар арнайы мектепке жіберілді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз