USD: 471.7 / 474.3
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

"Семей орманы" тағы өртеніп жатыр: балалар лагерінен 190 бала эвакуацияланды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Орман өртіне байланысты DosbolLike лагеріндегі балалар қауіпсіз жерге көшірілді.

Абай облысында табиғи өрттің таралу қаупіне байланысты полиция қызметкерлері өрт ошағына жақын орналасқан DosbolLike балалар лагерінен 190 бала мен 20 қызметкерді қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

ІІМ мәліметінше, өрт туралы хабар түскен бойда полиция қызметкерлері лагерьге жетіп, балаларды шұғыл эвакуациялауға кіріскен. Тәртіп сақшылары дүрбелеңге жол бермей, балаларды ұйымдасқан түрде сыртқа шығарған. Ал кішкентай бүлдіршіндерді қолдарына көтеріп, қауіпсіз аймаққа дейін жеткізген.

"Қазір Абай облысында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қауіпті аумақ қоршауға алынып, өрт ошағына апаратын жолдар уақытша жабылған. Сондай-ақ өрт сөндіру, инженерлік және өзге де арнайы техникалардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етіліп, жол қозғалысын реттеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың мүлкін күзету шаралары қолға алынған", – делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, өртті сөндіру және салдарын жою жұмыстары Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволармен бірлесіп тәулік бойы жүргізілуде.

Министрлік тұрғындарды құтқару қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауға, қауіпті аймаққа жақындамауға және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау