Алматы облысының таулы аймақтарында сел қайталануы мүмкін. Өйткені таудағы мұздықтар еріп жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Жауын жауса өзендер тасуы ықтимал. Қазір "Қазселденқорғау" мекемесі төтенше жағдай қызметімен бірлесіп қауіпті аудандарда кезекшілік ұйымдастырып жатыр.
Кейінгі рет Талғар өзені 2014 жылы тасыған еді. Сол кезде судың екпінін су тоспасы ұстап қалды. Ол 2005 жылы салынған Талғар су тоспасы секундына 80 текше метр су қабылдап, өткізе алады. Қазір техника суды үш арнаға бұрып, ағызып жатыр.
Мамандардың айтуынша, қазір Талғар қаласы мен елді-мекендерге тасқын қаупі төніп тұрған жоқ. Талғар өзенінде су ағысы қалыпты деңгейде тұр. Дегенмен құтқару қызметі тауға сапар жасаушыларға өзенге түспеуді, таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіп отыр.
Оқи отырыңыз: Сел жүрді. "Шымбұлақ" тау курорты бір күнге жабылды