USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

SCAT ұшағына найзағай тиді: 14 рейстің уақыты өзгерді

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, мамандар ұшақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағына найзағай тиді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, демалыс күндері қатты найзағайдан Boeing 737 ұшағына зақым келген. Қазіргі кезде оны кестеден шығарған.

Қауіпсіздік талаптары бойынша, мамандар ұшақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

"Осыған байланысты әуе компаниясы осы аптада 14 рейстің уақытын өзгертуге мәжбүр. Жолаушыларды рейс уақытын алдын ала нақтылап, sms-хабарламалар арқылы тексеріп отыруды сұраймыз. Бұдан бөлек, scat.kz сайты мен қосымшасында рейстің мәртебесін біліп отыруға болады", – дейді компания мамандары.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз