SCAT әуе компаниясы салық төлемегендіктен, Қазақстанның оңтүстігіндегі аңшылық алқаптан айырылады. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.
Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады.
Қадағалау органының мәліметінше, 2019 жылы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және "SCAT авиакомпаниясы" АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған.
"Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы). «Алайда, "SCAT авиакомпаниясы" АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған", – деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған Басқармамен бұйрық шығарылып, шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.
Оқи отырыңыз: Қоғамдық орында балағат сөз айтқан Астана тұрғынына 69 мың теңге айыппұл салынды