Тікелей эфир

Саясат Нұрбек: Ғылыми әзірлемелерден Қазақстан бюджетіне 6 млрд теңге түсті

Министр технологиялық серпіліске кедергі келтіретін бірқатар негізгі проблеманы айтты.

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылымды ілгерілету аясында тиісті ведомствоның алдына қойылған бірқатар жаңа міндетті атады. Мұнымен қатар, ол отандық ғылыми әзірлемелердің бюджетке қанша табыс әкелгеніне тоқталды.

"Жобаларды ілгерілету мақсатында В2G – В2В – В2С өзара іс-қимылының үштік спиралы белгіленді. Министрлік ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру есебінен технологиялық серпіліске кедергі келтіретін бірқатар негізгі проблеманы анықтады. Олар – ғалымдардың бизнес-құзыреттерінің болмауы, ғылым мен бизнестің әлсіз байланыстары, жеке қаржыландыруды іздеу проблемасы, өндіріске отандық инновацияларды енгізудің төмен деңгейі", – деді Саясат Нұрбек. 


Оқи отырыңыз: Робот дәрігер, наноспутник және Qmeta. Қазақстан оқушылары әзірлеген 7 стартап


Министр өңірлерде өтініштер санының азаю үрдісі байқалатынын айтты. Мұнымен қатар, ол қазақстандық ғалымдардың табысын арттыру мақсатында ғылыми-техникалық жеделдету тұжырымдамасы әзірленгеніне тоқталды. 

"Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының 5-тарауы, 22-тармағын орындау мақсатында ғылыми-техникалық жеделдету тұжырымдамасы әзірленіп, 2023-2025 жылдарға 1,5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім пысықталды. Ғылым қорын осы бизнесті жеделдету бағдарламасының операторы етіп тағайындау дұрыс болар еді деп ойлаймыз. МАК хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде 5 жол картасы әзірленді. Ауыл шаруашылығы министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, энергетика министрлігімен өнеркәсіпке коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр" – деді министр. 

Бұдан өзге ол қазақстандық ғылыми әзірлемелердің бюджетке 6 млрд теңге табыс әкелгенін айтты. 

Серіктестер жаңалықтары