Ақмола облысында өтіп жатқан Dala.Camp форумында сарапшылар Қазақстанда мал биржасын құру мәселесін көтерді. 2025 жылы құрылған Turan мал шаруалары қауымдастығының негізгі міндеттерінің бірі – осы мал биржасын қалыптастыру және мал саудасындағы мәдениетті бір ізге салу.
Форум аясында Түркістан облысындағы "Қайып-Ата" ЖШС директоры Сырым Ертаев қазіргі мал базарындағы жағдайды баяндап берді.
"Расы керек, мал базарында алдайтындар көп. Түрлі баға айтылады. Малдың жағдайын, оның бағасын білетін адамыңыз болса – ұтасыз, болмаса – алданасыз. Ашығы сол. Рас, малдың семіз не семіз емес екенін, ауру не сау екенін қолмен ұстап, тісін қарап білетін көнекөздеріміз бар. Бірақ, олар аз. Ал қарапайым халық, болмаса, салаға енді келіп жатқан фермерлер оны білмегендіктен, алданып жатады. Сондықтан, АҚШ, Австралия және өзге де елдердің тәжірибелерін қарай отырып, мәдениетті мал биржасын қалыптастыратын уақыт келді. Оларда қалай? Базарда малдың породасы, тірі салмағы, етте салмағы, қандай аурумен ауырғаны – бәрі-бәрі жазылып тұрады. Қажет құжаттары қоса беріледі. Яғни, мал өсіруші оған өзінің білім мен ресурсын қаншалықты салса – соған қарай пайда табады. Әділетті ме – әділетті. Біз де осыған ұмтылуымыз керек", – деді Сырым Ертаев.
Еске салайық, Ақмола облысында 11 елден келген 250 делегаттың басын қосқан Dala.Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы басталды. Форум жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, АҚШ, Бразилия, Нидерландтар, Франция, БАӘ және Түркия өкілдері қатысып жатыр.
USD:
491.7 / 494.5
EUR:
583.5 / 587.5
RUB:
6.41 / 6.53