Ақмола облысында мал өсірушілердің халықаралық форумы ресми түрде ашылды.
11 елден келген 250 делегаттың басын қосқан Dala.Camp Forum 2026 халықаралық мал өсірушілер форумы басталды. Форум жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, АҚШ, Бразилия, Нидерланды, Франция, БАӘ және Түркия өкілдері қатысып жатыр.
Форумды Turan Қазақстандық мал өсірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев ашты.
Ол Қазақстанның етті мал шаруашылығы салаға шашыраңқы күш- жігер емес, дамудың бірыңғай логикасы: басқарушылық тәртіп, экономика, ашық ережелер және фермадан экспортқа дейінгі тізбектің барлық буындарының бірлескен жұмысы қажет болатын кезеңге өтіп жатқанын айтып өтті.
"Бүгін біз үшін өте маңызды күн, тіпті біздің саламыз үшін өте тарихи күні жиналып отырмыз деп айтуға болады. Бүгінгі күн – Қазақстанның мал шаруашылығы біртіндеп ұзақ мерзімді нәтижеге бағдарланған, неғұрлым жүйелі және жетілген жаңа деңгейге көтерілетін сәт", - деді Жәнібек Кенжебаев.
Спикер атап өткендей, мал шаруашылығы — дәстүрлі сала ғана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігімен, өңірлердің дамуымен және экспорттық әлеуетімен тікелей байланысты экономика секторы.
Жәнібек Кенжебаев өз сөзінде саланың дамуы мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенге деген зейінінің күшеюі аясында жүріп жатқанын атап өтті.
"Бүгінде мемлекеттік деңгейде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса назар аударылуда. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау жүйесінде тәртіп орнату, кооперацияны күшейту, ауыл шаруашылығындағы ашықтық пен тиімділікті арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Біз бұл бағытты толығымен қолдаймыз. Себебі жүйелілік болмаса, ойын ережелері анық болмаса және күш біріктірілмесе, сала өзінің әлеуетін толық көлемде аша алмайды", - деді ол.
Turan қауымдастығының басшысының айтуынша, Dala.Camp форумы саланы дамыту туралы кәсіби әңгімеге арналған жұмыс алаңы ретінде қалыптасты. Идея қарапайым: ет индустриясының нақты мәселелерін тыныш және іс жүзінде талқылауға болатын кеңістік құру.
Форум аясында қатысушылар етті мал шаруашылығын дамытудың қолданбалы мәселелеріне назар аударады. Экономиканың қаржылық моделін құру, шығындарды басқару, қаржыландыруды тарту, экспорттық талаптарға сай болу және технология арқылы тиімділікті арттыру туралы талқыланады.
Қазақстанның өңірлік және әлемдік нарықтар үшін сапалы, премиум сиыр етін өндіруші ретіндегі ұстанымына, сондай-ақ ветеринариялық салауаттылық пен халықаралық стандарттарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Жәнібек Кенжебаев атап өткендей, форумның негізгі қағидасы - практикалық бағыт: ертең қолдануға болатын нақты шешімдерді талқылау.
USD:
491.7 / 494.5
EUR:
583.5 / 587.5
RUB:
6.39 / 6.51