Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1 300-ден астам адам қайтыс болды

Қаза болғандардың арасында 660-тан астам мысырлық бар.

Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1,3 мыңнан астам қажы қайтыс болды, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдель Рахман аль-Джаляджель мәліметінше, қажылық кезінде қайтыс болғандар саны 1 301 болды, олардың 83 пайызында тиісті виза болмаған.  

Мемлекеттік Al Ekhbariya телеарнасына сұхбат берген министр 95 қажы ауруханаларда емделіп жатқанын, олардың кейбіреулері ел астанасы Эр-Риядқа ұшақпен жеткізілгенін айтты.

Министр қайтыс болған қажылардың көпшілігінің жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олардың кім екенін анықтау жұмыстары кешіктіріліп жатқанын мәлімдеді.

Әл-Джаладелдің айтуынша,  марқұмдар Меккеде жерленді.

Қаза болғандардың арасында 660-тан астам мысырлық бар. Олардың 31-нен басқасы рұқсат етілмеген қажылар болған. Мысыр билігі рұқсатсыз қажыларға Сауд Арабиясына баруға көмектескен 16 туристік фирманың лицензиясын қайтарып алды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз