Сары майға ұқсас, бірақ құрамы өзгеше. Қазақстандық ғалымдар жаңа өнім әзірледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда сары майдың жаңа баламасы жасалды.

Қазақстандық ғалымдар сары май мен өсімдік майлары негізіндегі "W-баланс" функционалдық спредін өндіру технологиясы мен рецептурасын әзірледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Әзірлемені "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ-тың еншілес ұйымы – "Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының" ғалымдары жасаған.

Өнімнің ерекшелігі – құрамындағы сүт майы, рапс және зығыр майларын үйлестіру арқылы Омега-3 пен Омега-6 полиқанықпаған май қышқылдарының арақатынасын 1:5 деңгейінде қамтамасыз ету.

Ғалымдардың айтуынша, спредтің рецептурасы май қышқылдарының қажетті құрамын ескере отырып әзірленген. Бұл ретте өнімнің сары майға тән органолептикалық қасиеттерін сақтау көзделген. Өнімдегі майдың массалық үлесі 72,5 пайызды құрайды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, оның сіңімділігі 97–98 пайыз. Сонымен қатар спред құрамындағы қаныққан майлар мен холестерин мөлшері төмен.

"W-баланс" 10-нан 30°C-қа дейінгі температурада жұмсақтығы мен жағылу қасиетін сақтайды. Әзірлеу барысында ғалымдар рецептураларды тәжірибелік тұрғыда пысықтап, эмульгирлеу мен кристалданудың температуралық және механикалық режимдерін зерттеген. Май қышқылдарының құрамына хроматографиялық талдау да жүргізілген. Рецептурада отандық шикізат – сүт майы, рапс және зығыр майларын пайдалану қарастырылған. Технологияны май-тоңмай өнеркәсібіндегі қолданыстағы өндірістік желілерге енгізуге болады, – делінген хабарламада.

Ғалымдар әзірленген рецептура мен технологиялық режимдер негізінде қажетті технологиялық құжаттаманы дайындаған. Технология өнеркәсіптік көлемде өндіруге дайындалған.

Министрлік мәліметінше, "W-баланс" функционалдық және диеталық тағам өнімдерін өндіруге арналған. Оны санаторийлік-курорттық және емдік-профилактикалық тамақтану өнімдерінде, сондай-ақ Healthy Food сегментінде пайдалануға болады. Қызығушылық танытқан кәсіпорындарға әзірлемені өндіріске енгізу үшін технологиялық құжаттаманы дайындау және тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау