Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда картоп пен пияз арзандады.

9 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Бір апта ішінде картоптың бағасы 6,9%-ға, пияз 5,9%-ға, ақ қырыққабат 5,1%-ға, сәбіз 4,5%-ға арзандады. Сондай-ақ алма бағасы 0,8%-ға, нан 0,4%-ға, ірімшік 0,3%-ға төмендеді. Ал бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгерген жоқ.

Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында бір аптада 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Таразда баға алдыңғы аптадағы деңгейде сақталды.

"Ел бойынша пияздың орташа бағасы 156 теңге болды. Ең төмен баға Павлодарда тіркеліп, бір келісі 123 теңгеден сатылды. Сәбіздің орташа бағасы 227 теңге болса, Павлодарда оның келісі 146 теңге тұрды. Картоптың орташа бағасы 217 теңге болды. Ең төмен баға Павлодарда – 152 теңге, Қостанайда – 184 теңге деңгейінде тіркелді. Қызанақтың республика бойынша орташа бағасы 586 теңге болды. Ең арзан қызанақ Таразда сатылып, бір келісі 347 теңгені құрады. Ет өнімдерінің ішінде сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 3 819 теңге, тауық етінің бағасы 1 747 теңге болды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі апта сайын есептеледі. Бағалар барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада бақыланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау