USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Санжар Боқаев "ҚазТрансГазда" істегенде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қамаудағы Боқаев ісіне қатысты тың ақпарат шықты.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Санжар Боқаевтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты.

Бұған дейін Санжар Боқаевқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын. Оған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру бойынша айып тағылып отыр.

Сенаттағы брифинг барысында Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов алаяқтық әрекеттердің қай кезеңде жасалғанын нақтылады. Оның айтуынша, бұл құқықбұзушылықтар ұлттық компанияда жұмыс істеген уақытта орын алған.

Айта кетейік, Санжар Боқаев 2015–2018 жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Кейін, 2021 жылы компания атауы QazaqGaz болып өзгертілді.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз