Ал адам өлімі жағдайларының коэффициенті 11% төмендеді.
"Самұрық-Қазына" қорының компанияларында 2022 жылы атқарылған шаралардың нәтижесінде қызметкерлердің жарақат алу үлесі азайды. Бұл туралы Болат Жәмішевтің төрағалығымен өткен қордың қоғамдық кеңесінің отырысында қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов хабарлады.
Оның айтуынша, 2022 жылы қолға алынған шаралардың нәтижесінде компаниялар тобындағы жалпы жарақаттану деңгейі 2021 жылмен салыстырғанда 16% қысқарған. LTIF жарақаттану коэффициенті, яғни жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздығына әкелген жарақаттардың жиілігі 0,16-ны құраса, өлім жағдайларының коэффициенті 11%-ға төмендеді.
Ғибрат Ауғанов бұл ретте портфельдік компаниялар мен тәуелді, еншілес ұйымдардың бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру қолға алынғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазынада" 10 шетелдік басшының орнын отандық мамандар басты
"Оның аясында Қазақтелеком, KEGOC, QazaqGaz және Samruk-Kazyna Ondeu компанияларында Қор тәжірибесіне сүйене отырып алғаш рет өндірістік қауіпсіздік бойынша мамандандырылған форумдар өткізілді. Онда тәуелді еншілес ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары өндірістік қауіпсіздік бойынша өз мойнына жеке міндеттемелерді алды. Бұдан бөлек, портфельдік компаниялардың бірінші басшылары кемінде 2 айда 1 рет еншілес, тәуелді ұйымдардың өндірістік алаңдарына барып, тексеру жүргізу тәртібі белгіленді. Бұл жұмыс қазіргі таңда да жүргізіліп жатыр. 2022 жылы мұндай 43 тексеру болды", – деді Ғибрат Ауғанов.
Сондай-ақ, ол Ұлыбританияның Қауіпсіздік техникасы және денсаулық сақтау институты мақұлдаған "Еңбек қауіпсіздігінің мәдениеті" атты корпоративтік оқу курсын әзірленгеніне назар аударды. Бұл курс бойынша өндірістік қызметкерлерді 100% оқытуды жоспарланған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-