Тікелей эфир

Самат Әбіш билікті асыра пайдаланғаны үшін 8 жылға шартты түрде сотталды. Сот үкімі

Оны арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы президентке ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Самат Әбіштің билікті асыра пайдаланғаны үшін 8 жылға шартты түрде сотталғанын растады.

"Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан А.-ны белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл ретте ҚК-нің 63-бабының негізінде жазаны пробациялық бақылау белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде деп санауды айқындады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген", – делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз хабарламасында.


Оқи отырыңыз: "Пробациялық бақылауда": ІІМ басшысы ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің шартты түрде сотталғанын растады


"Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өткен.

"Сот үкімімен А. ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді. Сот сотталушының жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. ҚР ҚК 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот Қазақстан Республикасының президентіне арнаулы атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады", – делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары