Тікелей эфир

Қоғамдық орында балағат сөз айтқан Астана тұрғынына 69 мың теңге айыппұл салынды

5 наурыздан бастап айыппұл мөлшері төрт есе, 20 айлық есептік көрсеткішке дейін артқан болатын.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін елорда тұрғынына 69 мың теңге айыппұл салынғанын хабарлады. 

Бұл биылғы 5 наурызда айыппұл мөлшері төрт есе артқаннан кейін ресми жария болған алғашқы дерек. 

Соттың хабарлауынша, Астана тұрғыны, И есімді азамат дүкенде балағат сөздер айтып, сол арқылы айналасындағыларға құрмет көрсетпей, қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы сот отырысы барысында өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада баяндалған мән-жайлармен келіскен. 

Әлеуметтік құқық бұзушылықтар туралы кодекс бойынша мұндай құқықбұзушылыққа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сәйкесінше, сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 69 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, биылғы 5 наурызға дейін балағат үшін салынатын айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішке тең болатын. 


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді?


 

Серіктестер жаңалықтары