USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Руслан Өскенәлі ұжымға "Қазақмыс" басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушыны таныстырды

Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі
Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі
Мұқан Үңгітбаев – тау-кен өндіру саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі еңбек ұжымына Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушыны таныстырды. Аталған лауазымдағы міндетті атқару Мұқан Үңгітбаевқа жүктелді. 

Мұқан Үңгітбаев – тау-кен өндіру саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Сәтбаев қаласының тумасы. Ол еңбек жолын жерасты жұмысшысы ретінде бастап, компанияның ірі өндірістік бөлімшелерінің басшысы деңгейіне дейін көтерілді. Әр жылдары Оңтүстік Жезқазған, Степной және Жаман-Айбат кеніштерін басқарды, "Қарағандытүстімет" және "Шығыстүстімет" өндірістік бірлестіктеріне жетекшілік етті. Сондай-ақ Нұрқазған, Жомарт және Саяқ кен орындарын дамытуға бағытталған ірі жобаларды іске асыруға қатысты. 

Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі

2025 жылдан бері Мұқан Үңгітбаев "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Nurqazgan Tau-ken ondirisi" филиалының бас директоры лауазымын атқарып келеді.

Фото: "Қазақмыс" баспасөз қызметі

Жаңа басшыны таныстыра отырып Руслан Өскенәлі Мұқан Үңгітбаевтың өндірістік үдерісті жетік білетінін, басқару саласындағы мол тәжірибесін және өңірдің ерекшелігін терең түсінетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шешім компанияның өндірістік қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін маңызды фактор болмақ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз