Тікелей эфир

Ресейде пойыздың жоғарғы сөре жолаушыларының купе үстелін пайдалану құқығы заңдастырылмақ

Жоғары сөре жолаушылары купедегі үстелді тәулігіне екі сағат пайдалану құқығына ие болады.

Ресейде жоғарғы сөреден билет алған пойыз жолаушыларының купедегі үстелге жайғасып, тамақтану құқығы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап заңдастырылмақ. Ресейдің көлік министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады ria.ru

Жоғарғы сөре жолаушылары үшін үстелді пайдалану уақытының кестесі белгіленеді. Оған сәйкес, жоғарғы сөре жолаушылары:

  • сағат 7.00-10.00 аралығында – жарты сағат;
  • түскі 12.00-15.00 аралығында – бір сағат;
  • кешкі 19.00-21.00 аралығында жарты сағат үстелде отырып тамақтануға құқылы.

Мұндай өзгеріс жолаушылар тарапынан түскен шағымның көбеюіне байланысты енгізіліп отыр. 


Оқи отырыңыз:


Информбюро "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне "Қазақстанда жоғары сөре жолаушылар тарапынан үстелді пайдалану құқығы бойынша шағымдар түскен жоқ па?" деген сауал жолдады. Компанияның жауабынша, жолаушылар тарапынан мұндай шағым түспеген. Дегенмен, ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылардан жоғарғы сөре билетінің қымбат екеніне қатысты шағымдар жиі түседі. 

Серіктестер жаңалықтары