Референдумның орталық комиссиясы жаңа Конституция бойынша дауыс беру кезінде қолданылатын бюллетеньнің нысаны мен мәтінін бекітті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында хабарланды.
Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, бюллетеньде референдумға шығарылған мәселенің тұжырымы көрсетілген:
"Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"
Дауыс берушіге екі жауап нұсқасы ұсынылады:
- "Иә, қабылдаймын";
- "Жоқ, қабылдаймаймын".
Сайлаушы таңдаған нұсқаны жауаптың оң жағындағы бос шаршыға белгілеуі тиіс.
Бюллетеньдерді дайындау барысында офсеттік баспа полиграфиялық әдістерін пайдалану арқылы қорғаныс шаралары қарастырылған, сондай-ақ түсі, қарпі және басқа да техникалық параметрлері айқындалған.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07

