Referendum2026.kz: Халықтық коалиция референдумға арналған арнайы платформаны іске қосты

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазақстандықтар үшін қолжетімді онлайн-ресурс іске қосылды.

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау" жалпыұлттық коалициясы алдағы референдум мен Жаңа Конституция жобасына арналған ресми сайтты іске қосты.

Referendum2026.kz платформасы қазақстандықтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнымен жан-жақты танысуға мүмкіндік беретін түсінікті әрі қолжетімді ақпарат алаңы ретінде әзірленген. Сайтта негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланған. Сонымен қатар онда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Платформаның құрылымы пайдаланушыларға ақпаратты оңай табуға және алдағы дауыс беруге қатысты сұрақтарына жауап алуға ыңғайлы етіп жасалған. Ақпаратты қабылдаудың қолайлылығына ерекше мән беріліп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған бейімделген нұсқа және бет параметрлерін өз қалауынша өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Түсіндіру материалдарынан бөлек, сайтта Конституцияның мәні мен оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық мақалалар, бейнематериалдар және интерактивті форматтар ұсынылған.

Еске салайық, 15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз