ҚР президенті жанындағы Рақымшылық жасау комиссиясының мүшелері мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің өтінішін алған жоқ.
"Ондай ақпарат жоқ (Кәрім Мәсімовтің өтініші – Автор), мен бұл туралы білмеймін", – деді Андрей Лукин Сенат отырысында Informburo.kz тілшісіне.
Редакцияның ресми сауалына комиссияның тағы бір мүшесі, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жауап бергенде, сотталғанның өтініші оған да келмегенін түсіндірді.
Комиссия құрамында Лукин мен Ластаевтан басқа тағы жеті адам бар.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің наурыз айында рақымшылық жасау туралы өтініш жазғанын хабарлаған еді. Қазір ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.
Оқи отырыңыз: Члены комиссии по помилованию ничего не слышали о ходатайстве Карима Масимова