Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсармай тұр – Денсаулық сақтау министрлігі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Соңғы 8 жылда Қазақстанда екпеден бас тарту жағдайлары 4,8 есеге артқан.

Қазақстанда тұрақтандыру шараларына қарамастан, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі жақсармай тұр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Оған басты себеп – балалардың уақытылы және толық екпе алмауы. 

ДСМ статистикасы бойынша 2026 жылдың басынан бері елде қызылшаның 4 184 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 83,8%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Ал өткен аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,3 есеге артқан. 

"Науқастардың егу мәртебесін талдау көрсеткендей, жұқтырғандардың 77%-ы – екпе алмаған адамдар. Вакцинациялаудың болмауының негізгі себебі (55% жағдайда) – ата-аналардың бас тартуы. Осыған байланысты мынаны ерекше атап өткен жөн: вакцинация – аурудың ауыр салдарының алдын алудың жалғыз тиімді тәсілі", – делінген ресми хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, соңғы 8 жылда елімізде екпеден бас тарту жағдайлары 4,8 есеге артқан. 

"Бұл үрдіс ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне тікелей әсер етіп, жағдайды толық тұрақтандыруға кедергі келтіруде. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жауапкершілік танытып, балаларды Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарға уақтылы жүгінуге шақырады", – делінген министрліктің хабарламасында.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз