Тікелей эфир

Қызылордада 61 жастағы мұғалім оқушыларға азғындық жасады деген күдікке ілінді

4-сыныпта оқитын екі оқушының ата-анасы ұстаздың үстінен арыз түсірген.

Полиция педагогты қамауға алып, тергеуді бастады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Облыстық білім басқармасындағылар он үш жылдық еңбек өтілі бар, зейнет жасына жақындаған мұғалімнің бұған дейін теріс әрекетін байқағандарын айтты.

Оқушыларға азғындық жасады деп күдікке ілінген мұғалім 13 жылдан бері дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келген. Облыстық білім басқармасындағылардың айтуынша, күдікті полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде азғындық әрекетке бармағанын жеткізген. Мектепте кешелі бері тексеріс жүргізіліп жатыр. Мектеп ұжымы да, білім басқармасының басшысы да зейнет жасына жақындаған мұғалімнің бұрын-соңды теріс әрекетін байқамағандарын айтты.

"Ұжымдастарымен тілдескенде 13 жылдың ішінде мұғалімнің теріс, оғаш әрекеттері болмаған. Ешқандай да бір артық мінез-құлықтары байқалмаған, сондықтан да тергеу амалдары істің мәнін ашып береді", – деді Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқвр Есжанов.


Оқи отырыңыз: 2 жыл қызын қорлап келген: Павлодар қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр


Шенеуніктер аталған білім ошағында бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Полицияға 4-сыныпта оқитын екі оқушының ата-анасынан арыз жазған. Олар 61 жастағы ұстаз балаларына жыныстық сипатта азғындық жасағанын жазған. Содан кейін тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған. Полиция тергеу құпиялығына сәйкес жәбір көрген болуы мүмкін оқушылардың ұл, не қыз екенін айтпады.

Серіктестер жаңалықтары