Тәртіп сақшыларына жеткіншектің анасы арыз жазған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Оның айтуынша, әкесінің сексуалдық сипаттағы әрекеті 2020 жылдан бері екі жыл бойы жалғасқан. Қорқып қалған қыз дер кезінде туыстарына айтпаған.
Сұмдық жағдайды өңірдегі "Вита" берлестігінің еріктілері анықтаған. Олар бір апта бұрын қаза болған оқушының өлімінен кейін әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда үнсіз қалмауды жазған болатын. Тергеу құпиясына байланысты қыздың жасы айтылмады. Өз баласына азғындық жасады деген ауыр айып тағылған адамды полицейлер жер-көктен іздеп таппай жатыр.
Оқи отырыңыз: Сәтбаевта 5 жасар бүлдіршінді зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
"Іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге облыстық жедел қызметкерлері де қосылды. Бағдарлама аймақ пен елдің барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді. Анасының өтініші бойынша, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.