Майдангер кент орталығындағы №155 референдум учаскесі ашылмай тұрып келген.
Қызылорда облысында 101 жастағы соғыс ардагері Яхия Тасыров референдум учаскесіне алғашқы болып келіп, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Әрбір сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетіммен биыл да ерте келдім", – деді Яхия Тасыров.
Яхия Тасыров Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде тұрады. Майдангер кент орталығындағы №155 референдум учаскесі ашылмай тұрып келді. Республикалық референдумда өз дауысын берген майдангер 1922 жылы дүниеге келген. Ташкентте текстиль оқуын оқып, 1940 жылы текстиль фабрикасына шебердің көмекшісі болып жұмысқа орналасқан.
Оқи отырыңыз:
- Елде 8 072 учаске дауыс беру үшін ашылды
- Референдум: Жапония мен Кореядағы учаскелер бірінші болып өз жұмысын бастады
- Референдум: Жапония мен Кореядағы учаскелер бірінші болып өз жұмысын бастады
1942 жылдың қазанында майданға аттанып, Сталинградты, Курск, Польшаның қалаларында жауды кейін шегіндіруге атсалысты. 1944 жылы Германияға кіріп, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты. Ол 1945 жылы тамыздың аяғында елге оралған. Бейбіт өмірде түрлі салаларда еңбек етіп, 1982 жылы зейнетке шықты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-