USDUSD: 517.5 / 519.9
  • EUREUR: 602.0 / 606.0
  • RUBRUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Екі жолды 2024 жылғы 29 қараша сағат 16:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі.

2024 жылғы 29 қарашада сағат 13:00–де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Самара-Шымкент" автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

"29 қарашада сағат 13:00–де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" автожолының 1153-1240 шақырым аралығында (М-32, А-26 жол айрығынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады," – делінген хабарламада.

Екі жолды 2024 жылғы 29 қараша сағат 16:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары