Тікелей эфир

Қызылорда облысында "ҚазАвтоЖолда" еңбек ететін көп балалы әке жұмыс кезінде қайтыс болды

Арал ауданындағы тас жолда көлік қозғалысы қалпына келгеннен кейін маман мінген көлікке тағы бір көлік соғылды.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компанияның Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Садықовтың қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болғанын хабарлады.

"10 ақпан күні сағат 14.00 шамасында Арал ауданы Сазды ауылының маңында Самара-Шымкент тас жолының 1285-ші шақырымында Toyota Alphard көлігі жылдамдықпен келе жатқан Сақтапберген Бақытжанұлы отырған көлікке соғылған. Оқиға боларға дейін тас жол бөлігінде көлік қозғалысы қалпына келтірілген болатын", – деп хабарлады ұлттық компания.


Оқи отырыңыз: Ауа райының қолайсыздығынан Астана жолдарында бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы болды


Марқұмның артында әйелі мен төрт баласы қалды. "ҚазАвтоЖол" оларға барлық қажетті қаржылық қолдау көрсетуге уәде берді.

Серіктестер жаңалықтары