USD: 470.3 / 472.9
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.51 / 5.63
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірген 13 адам қамауға алынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Заңсыз алтын өндірген топтан 500 грамнан астам алтын шикізаты тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

Тергеу мәліметінше, Шиелі ауданындағы Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтын заңсыз өндірілген.

"Қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысына нақты міндет жүктелген. Бірі алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмысын ұйымдастырса, екіншісі алтынды тасымалдау мен сатуға жауап берген. Қалғандары қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды бақылап отырған. Олар бөгде адамдар немесе мемлекеттік органдар қызметкерлері келген жағдайда топ мүшелеріне алдын ала ескерту жасап отырған", – делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өндірілген алтын Алматы қаласына жеткізіліп, сатылған. Одан түскен қаражат қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген.

Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Сонымен қатар 2 пневматикалық тапанша мен бір тегіс ұңғылы мылтық табылған. Қазір 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау