USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Азаматтардың атынан миллиардтаған теңге несие алған қылмыстық топқа сот үкімі шықты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
21 адам 5 жылдан 10 жылға дейін сотталды.

Ақмола облысында азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, шамамен 2 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесіне сот үкімі шықты.

Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында қылмыстық топ мүшелері азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, алдау арқылы екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан заңсыз несие рәсімдегені анықталған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 2 млрд теңгені құрады.

Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 тамыздағы үкімімен барлық 21 сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

"Сонымен қатар сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі. Оның ішінде Алматы қаласындағы пәтерлер, Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry автокөліктері және басқа да қымбат мүліктер бар", – делінген хабарламада. 

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау