Қызылорда облысында мектеп директорлары 50-ден астам мұғалімді конкурссыз қабылдаған

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қала, аудан мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген.

Қызылорда облысында мектептерде жүргізілген тексерудің нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағаны, мұғалімдердің конкурссыз жұмысқа қабылданғаны және ыстық тамақпен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегені анықталды, деп мәлімдеді облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев.

"Қала, аудан мектептерінде мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Одан бөлек мектеп директорлары қызметкерді лаборант, ассистент қылып алып, мұғалім орны босағанда конкурс жарияламай 50-ден астам мұғалімді қабылдаған. Жалағаш ауданында және облыс орталығындағы мектептердің ғимараттарына бөтен адамдардың кіріп-шығу жағдайына эксперимент жасалып, нәтижесінде ғимаратқа еш кедергісіз қару-жарақ және басқа да тыйым салынған құралдармен еркін кіріп-шығуға болатынын көрсетті", – деді прокуратура өкілі. 

Сонымен қатар облыс прокурорының орынбасары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасына тоқталды. Айтуынша, өңірде балалар жасайтын құқық бұзушылықтардың саны жылдан жылға артып келеді.


Оқи отырыңыз: Грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек? ҰТО басшысы жауап берді


"Мектеп оқушылары арасында бопсалау, әлімжеттік көрсету әлі бар. Қылмыстың алдын алу, оны болдырмау – құқық қорғау органдары мен атқарушы органдарға жүктелген басты міндет. Бала тәрбиесінде ең бірінші кезекте ата-ана рөлі ерекше. Сондықтан осы жиында ата-ана жауаптылығын күшейтуге аса мән беру қажет", – деп қосты Нұрболат Дүйсенбаев. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау