Қызылорда облысында балабақша қызметкері 21,5 млн жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Аудан прокуратурасы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазалы ауданындағы балабақшалардың бірінде есепші төрт жыл бойы өзіне заңсыз артық жалақы аударып, 21,5 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қызылорда облыстық прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде күдіктінің штаттық кестеде бекітілген айлықтан тыс, өз шоттарына негізсіз қосымша қаражат аударып келгені анықталды.


Оқи отырыңыз: Қоғам президент Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды 


Аудан прокуратурасы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау