Қызыл кітапқа енген құстарға еркін қоныс аударуға көмектесетін "Сұңқар" акциясы басталды

Биыл бұл шараға 163 инспектор мен 79 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген құстарды қорғау мақсатында ұйымдастырылған "Сұңқар" акциясы басталды. Ол осы жылдың 15 қазанына дейін жалғасады, деп хабарлайды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Шараның мақсаты – аталған құстардың ұя салатын жерлерге қоныс аударуы кезінде Ителгілерді аулау және өткізуге мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың алдын алу. 

"Жыл сайынғы табиғат қорғау акциясын  "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторлары Орман шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізеді. Биыл бұл шараға 163 инспектор мен 79 бірлік техника жұмылдырылған. Құстардың шоғырланған аумақтарында облыстардың ПД-мен бірлесіп 9 блокпост орнатылды", – делінген комитет хабарламасында.  


Оқи отырыңыз: Электр желілерінің әр 10 шақырымында орта есеппен 3 құс өледі. Жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген


Естеріңізге сала кетейік, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқан жағдайда мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары