Қытайлық мобильді бренд қалай Қазақстанда бестселлерге айналды?

Қазақстанда брендтің үш өнімі айрықша жоғары сұранысқа ие.

Honor компаниясы Қазақстанда 2025 жылғы қызметінің қорытындысын шығарды. Жыл басынан бері бренд Қазақстанда 250 мыңнан астам өнімін, оның ішінде смартфондары мен IoT өнімдерін сатып, бестселлерге айналған. Бұл ретте ол Қазақстандағы Android негізіндегі құрылғылар арасында нарық үлесі бойынша топ-3 брендтің қатарына еніп отыр. 

Компанияның Қазақстандағы PR-менеджері Кирилл Чорнейдің айтуынша, бұл жетістік бренд экожүйесіне деген жоғары сенімді және әртүрлі өмірлік сценарийлерге арналған тиімді шешімдер ұсына алу қабілетін айқын көрсетеді.

Қазақстанда брендтің үш өнімі, атап айтқанда Honor 400, Honor X9d және Honor Magic7 Pro айрықша жоғары сұранысқа ие. 

"Брендтің барлық заманауи смартфондары брендтің жеке операциялық жүйесі - MagicOS негізінде жұмыс істейді. Ол құрылғылардың бірқалыпты жұмысын, ыңғайлы навигацияны және жекелендірілген интерфейсті қамтамасыз етеді. Компания құрылғылардың AI-экожүйесін жүйелі түрде дамытып, смартфонды пайдаланушының цифрлық тәжірибесінің орталығына айналдыруда. Мұнда жасанды интеллект жеке бір функция ретінде емес, түсіру, жұмыс, ойын-сауық пен күнделікті тапсырмалар арасындағы байланыстырушы элемент ретінде қолданылады. Мұндай тәсіл технологиялардың пайдаланушыға бейімделуіне, өзара әрекеттесуді табиғи әрі интуитивті етуге мүмкіндік береді", – делінген ресми хабарламада. 

HONOR смартфондар желісін, бағдарламалық платформасын және AI мүмкіндіктерін дамытуды жалғастырып, бүгінгі пайдаланушылардың сұранысына жауап беретін әрі болашақта да өзектілігін сақтайтын өнімдер ұсынуды көздейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары